1 маусым балаларды қорғау күні » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым балаларды қорғау күні
01
июнь
2022

1 маусым балаларды қорғау күні

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Қаратал ауданында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Ауданымызда балаларды қорғау күніне орай оқушылар арасында шеру өтіп,концерттік бағдарлама, оқушылардың көрмесі ұйымдастырылды. Орталық саябақта,бүлдіршіндердің орындалуында көрініс қойылды.
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал аудандық филиал төрағасы Б.Абақов Қаратал ауданының «№3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесінің салтанатты іс шарасына қатысты.
Мекеме 2004 жылы ашылған, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу, көптеген міндеттерді жүзеге асырады. Ұжымның 21 қызметкері бүгінгі таңда 148 балаға қызмет көрсетуде.
Салтанатты іс шараны мекеме басшысы Айгүл Нұрлыбекқызы Исхакова ашып, балаларды мерекемен құттықтап, бүлдіршіндерді марапаттады.
Қаратал аудандық филиал төрағасы Берік Нұртілеуұлы сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді. Жалпы алғанда бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында болуы тиіс екендігіне тоқталып өтті.
Аталған шара барысында балаларға қайырымдылық көмек жасалып, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.


1 маусым балаларды қорғау күні

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив