"Бала ата-анам дөрекілік көрсетті немесе ұрды деп шағымданса, ата-ана құқығынан айырамыз" » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бала ата-анам дөрекілік көрсетті немесе ұрды деп шағымданса, ата-ана құқығынан айырамыз"
09
декабрь
2021

"Бала ата-анам дөрекілік көрсетті немесе ұрды деп шағымданса, ата-ана құқығынан айырамыз"

Ата - ананың баласына қатысты құқықтары мен міндеттері
"Бала ата-анам дөрекілік көрсетті немесе ұрды деп шағымданса, ата-ана құқығынан айырамыз" деген жаңалық елдің бәрін дүрліктірген еді ғой, есіңізде ме? Бұл бала құқығы.
Мен бүгін ата-ана құқығы жайлы айтқым келіп отыр. Балалы болғаннан кейін заң аясында қандай міндет пен құқықтарыңыз бар?
Ата-ана балаға міндетті:
📌денсаулығына қамқорлық жасауға
📌тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
📌басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
📌өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге
📌орта білім алуын қамтамасыз етуге
Ата-ана құқықтары:
📌балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға
📌 балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың пікірін ескере отырып, шешуге құқылы
📌Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды.
📌Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.
Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін, немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Бұндай жағдайда ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
"Бала ата-анам дөрекілік көрсетті немесе ұрды деп шағымданса, ата-ана құқығынан айырамыз"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив