26
апрель
2022
«Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында эстетикалық пәндерінің он күндігі
Р.Қошқарбаев атындағы жетекші мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-29 сәүір күндері аралығында «Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында эстетикалық пәндерінің он күндігі ұйымдастырылуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шарипбаев Б.Ж. 3 орыс сыныбында "Подвижные игры с элементами спортивных игр" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларды ерекше қимыл әрекеттерін көрсетуге және бағалауға үйрету және дене белсенділігі кезінде ағзаның өз функционалдық мүмкіндіктерін талдауға үйрету оқу мақсатына жету үшін компьютерден бейне роликтер "Мышеловка", "Ергежейлер мен алыптар" ойындарының ережесін көрсетіп , ойнатып, сонымен қатар тыныс алу жаттығулары өткізілді. Сабақ барысында ынталандыру, мадақтау әдістері қолданылды. Оқушылар бір-бірімен тапқырлық пен топтарда өзара әрекеттесу қабілеттерін көрсете білді. Қойылған міндеттердің орындалуына талдау жасай отырып, сабақтың қорытындысы шығарылды.




