27
апрель
2022
«Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру»




Р.Қошқарбаев атындағы жетекші мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-29 сәүір күндері аралығында «Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында эстетикалық пәндерінің он күндігі ұйымдастырылуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Молдажанов Куаныш Аскарович 8 орыс сыныпта "Футбол.Спортивные игры" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақты ұйымдастыруда "Санамақ", "Шахматная доска" ойындарын өткізіп, оқушыларды топтарға бөліп, ойын ережесін бейне роликтер арқылы еске салып, әр кезеңін бағалап отырды. Оқушылар футбол ойынын ережеге сәйкес ойнап көрсете білді. Сабақты қорытындылау кезеңінде "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы оқушылар бір-біріне пікір және тілек айтты.Мұғалім сындарлы кері байланыс берді. Сабаққа сынып жетекші, пән мұғалімдері қатысты.