20
апрель
2022
«Тілдік пәндер сабақтарында жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы оқушыларға көркем шығарма мазмұнын игерту» тақырыбындағы көктемгі сессиясы
Р.Қошқарбаев атындағы жетекші және ресурстық орталығының «Тілдік пәндер сабақтарында жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы оқушыларға көркем шығарма мазмұнын игерту» тақырыбындағы көктемгі сессиясының жұмыс жоспарына сәйкес Елтай ДМШО бар ОМ география пәнінің мұғалімі Нуршанова Динара Кудайбергеновна 7 сынып оқушыларымен ЗУМ платформасында ашық сабақ өткізді. Динара Кудайбергеновнаға рахмет айта отырып, бүгінгі сабақты әдістемелік тұрғыда сапалы құрастырып, жаңа тақырып бойынша оқушыларға қажетті және танымды ақпаратты бейне ролик, карталар арқылы беріп, керемет ұйымдастырды. Оқушылармен мәтінмен жұмыс, "Случайное колесо" интерактивті ойын және Padlet тақтада жауаптарын жазғызып, "Аяқталмаған сөйлем" әдісімен кері байланыс орната білді. Мұғалім уақытты тиімді қолданды. Оқушылар білімдерін ортаға салып белсенді жауап бере алды. Сабаққа 26 мұғалім қатысып, өз ойларын, пікірлерін, тілектерін чатқа жазып отырды.



