26
апрель
2022
«Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында эстетикалық пәндерінің он күндігі
Р.Қошқарбаев атындағы жетекші мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-29 сәүір күндері аралығында «Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы эстетикалық пәндері сабақтарын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында эстетикалық пәндерінің он күндігі ұйымдастырылуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байгазинов Канат Жаканович 5 орыс сыныбында "Развитие навыков легкой атлетики через игры" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқу мақсатына жету үшін компьютерден жеңіл атлетиканың тарихы, ойын түрлері туралы бейне роликтер көрсетіп , "Эстафета", "Лапта" ойынларын ойнатып, сонымен қатар тыныс алу жаттығулары өткізілді. Сабақ барысында ынталандыру, мадақтау әдістері қолданылды. Қойылған міндеттердің орындалуына талдау жасалынды, сабақтың қорытындысы шығарылып, кеі байланыс орнатылды. Сабаққа сынып жетекшісі, эстетикалық пәндерінің мұғалімдері, ДӘІЖО қатысып сындарлы кері байланыс берді.




