Тәлімгерлік » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2025

Тәлімгерлік

🔸Елімізде 360-тан астам тәлімгер жетім балалардың ересек өмірге бейімделуіне көмектесуде
➿ Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты дамып келеді. Бүгінгі таңда республика бойынша 20 өңірде 360-тан астам азамат тәлімгер атанды.
🔗 Тәлімгерлік ақысыз негізде жүзеге асырылады және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 10 жастан асқан балаларды қамтиды. Жобаның мақсаты – балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету және оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау.
✔️ Қазақстанда тәлімгерлерге міндетті сертификаттау тәртібі енгізілген. Тәлімгер болғысы келетін азаматтар тәлімгерлік ұйымдарында оқудан өтіп, біліктілігін растайтын сертификат алады. Міндетті оқыту тәлімгерлердің қажетті білім мен дағдыға ие болып, балаларға тиімді қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді.
⚜️ «Тәлімгер – бұл баланың жанынан табылып, оған жол көрсететін адам. Әркім тәлімгер бола бермейді. Бұл – үлкен жүрек пен адал ниетті, жауапкершілікті қажет ететін іс. Сол себепті біз оқыту мен сертификаттауды енгіздік. Балаларға шынымен қамқор бола алатын, сенімді адамдар ғана тәлімгер болуы тиіс», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
🔹Айта кетейік, тәлімгерлік институты Қазақстанда 2024 жылы заңнамалық түрде енгізілді.

Тәлімгерлік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив