16
февраль
2022
Ресурстық орталық және жетекші мектебінің магниттік және серіктес мектептері
Р.Қошқарбаев атындағы Ресурстық орталық және жетекші мектебінің магниттік және серіктес Лермонтов атындағы ОМ, Елтай МДШО бар ОМ, Көкдала, Үшкөмей орталау мектептерінің жылдық жұмыс жоспары шеңберінде қысқы сессия жұмысы ұйымдастырылып, Елтай МДШО бар орта мектебінің пән мұғалімдері ЗУМ платформасында ашық іс- шаралар өткізді. Қыдырбаева Г. К. мұғалімдерге арналған "Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?" атты коучинг, Қуантханова Ә. Қ. «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбында 8 сыныпта биология сабағын, Cултанбекова Ж.Ж. ағылшын тілінен 4 сыныпта «Show and ice» тақырыбында ашық сабақ, Елубаева Ж. А. 5 сынып оқушыларымен Қазақстан тарихынан «Александр Македонский әскеріне қарсы күресі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Преподаватели балаларға тиімді оқу платформалар арқылы бейне роликтер, тапсырмалар ұсынып, пәнаралық байланысты да жүзеге асыра алды, Оқушылар белсенді жұмыс жасап білімдерін ортаға салып, ойларын білдірді. Сабақтар дұрыс құрастырылып, тапсырмалар танымды, дамытушылық бағытта қарастырылды. Қатысқан мұғалімдер сындарлы кері байланыс беріп, алғыстарын білдірді.



