08
октябрь
2021
«Оқушылардың дивергенттік ойлауына жоғары деңгейлі сұрақтардың әсері»
2021 жылы 8 қазан күні мектебімізде жетекші мектеп пен ресурстық орталықтың
жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың дивергенттік ойлауына жоғары деңгейлі сұрақтардың әсері» тақырыбында әдістемелік күні дәстүрлі түрде және қашықтан ЗУМ платформасы арқылы ұйымдастырылды. Мектеп тренері, ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Молдыбаева М.Д. 4 сынып оқушыларымен матемиатика пәнінен «Скорость, время, расстояние» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабақта жоғары деңгейлі сұрақтарды тиімді қолданғаны оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды орындауда көрінді. Сабақ танымды да қызықты болып, оқушылар белсенді және жақсы білімдерін көрсете білді. Биология пәнінің мұғалімі Советбаев Ә.А. 7 сыныпта "Судың биологиялық рөлі" тақырыбында және «Тірі ағзалар үшін судың қасиеттері мен маңызын зерттеу» тақырыбында зерттеу жұмысын өткізді. Әлішер Асқарұлы сабақта зерттеулер жасап көрсетіп сонымен қатар бейне роликтер ұсынып, оқушылар зерттеу сұрақтарына дұрыс жауап берді. Іс- шараларға өз мектебіміздің және серіктес, магниттік мектептерінің пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі қатысып өз ойларымен бөлісті.