13
декабрь
2020
Жаратылыстану- математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқыту
«Білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық жоба іске асырылуда. Пилоттық жобаның мақсаты: CEFR халықаралық стандарттарына сәйкес жаратылыстан-математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін жоғарылату; пәнді және тілді оқытудың кіріктірілген әдістері бойынша ағылшын тілі және пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру (CLIL-технологиясы); сыныптан тыс іс-шараларды өткізу және ағылшын тіліндегі элективті курстардың жекелеген бөлімдерін, пәндік терминологияны кезең -кезеңмен оқыту арқылы (CLIL әдіснамасы) пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесін қолдану; пилоттық мектептердегі тілдік мен пәндік құзыреттіліктердің даму динамикасына мониторинг жүргізу; ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы табысты тәжірибелерді анықтау; ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқуға ынтасын анықтау мақсатында аудан мектептерінде пилоттық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде:
информатика пәні мұғалімі Серубай А.Қ.- 2018 жылы,
биология пәні мұғалімі Советбаев Ә.А. - 2019 жылы- үштілділік курсын бітірді.
Серубай А.Қ. 2018/2019, 2019/2020 оқу жылдары -8 орыс сынып оқушыларымен, 2020/2021 оқу жылы 8 қазақ сынып оқушыларымен информатикадан факультатив курсын жүргізеді.
Советбаев Ә.А.- 2019/2020 оқу жылының 2- жарты жылдығында 10 қазақ сыныбында факультатив курсы бойынша жұмыс жасап, 2020/2021 оқу жылы 8 қазақ сыныбында биологиядан факультатив курсын жүргізуде.
Пән мұғалімдері оқушылардың тізімін анықтап, жұмыс жоспарларын талапқа сай құрастырды.
2020 жылғы 10 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ЖМЦ пәні мұғалімдерінің «Жаратылыстану- математикалық бағытындағы пәндерді үш тілде оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында вебинар өткізілді. Информатика пәні мұғалімі Серубай А.Қ. 8 қазақ сынып оқушыларымен «Диаграммалар (Charts)» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабақта тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттырып, танымдық және логикалық қабілеттерін дамытып, сабақта үш тілде сөйлеуді талап етті. Мұғалім оқушылардың жауаптарын қажеттілігіне қарай толықтырып, сындарлы кері байланыс берді. Сабақ өте жақсы өтті, оқушылар белсенділік танытты.