«СЕН ҮЗДІКСІҢ» Ескелді ауылдық округ әкімі Балшенов Талғат
Балалар жылы аясында «СЕН ҮЗДІКСІҢ» ұранымен Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Ескелді ауылдық округ әкімі Балшенов Талғат Жақанұлымен кездесті. Кездесу мақсаты: - Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. - Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. - Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. #Алматыоблысымектеппарламенті