«Ұлттық дәстүр» кітап көрмесі
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері Нағашыбай Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім адамгершілік тәрбиенің аса сенімді жолы екенін көрсетті.