Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72834)26-4-14
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
28
январь
2026

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

📌 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

▪️ Атап айтқанда, Президенттің бастамасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі іргелі реформалар мен заңдар қабылданып, жүзеге асырылуда.

💬2025 жылғы статистика мәліметтері бойынша елімізде 7 миллионға жуық бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халықтың 34%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиялық даму негізінде балалар саны 1,5 миллионға артты💬, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

▪️ Сондай-ақ Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың шоттарына түседі. Түскен қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын домжағдайын жақсартуға арналған.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Елімізде орта білім тегін екені белгілі.

▪️ Бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа, көмектің 49 түрін қамтитын әлеуметтік қолдау жүйесі жүзеге асырылуда. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 25 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.

✔️ Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 негізгі заң қабылданды.



В Казахстане реализуют реформы в области защиты прав детей

📌 Министр просвещения Жулдыз Сулейменова на заседании Правительства доложила о проводимой работе по обеспечению защиты прав и интересов детей.

Отмечено, что в рамках поручений Президента на Национальном курултае принимаются конкретные меры, направленные на усиление безопасности детей, ведется системная работа по защите их прав.

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив