19
январь
2026
«Бүгінгі тәртіп – ертеңгі амандық» тақырыбында сынып сағаттары
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында 1–11 сынып оқушыларына арналған «Бүгінгі тәртіп – ертеңгі амандық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға құқықтық тәрбие беру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, тәртіптілікке, жауапкершілікке, қоғамда өзін дұрыс ұстауға баулу.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, мектеп ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері түрлі тәрбиелік әңгімелер, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар, бейнероликтер мен пікірталас элементтерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.