12
январь
2026
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде «Буллингтен қорған» сынып сағаты өтті

Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында іс-шаралар жоспарына сай 1–11 сынып оқушыларына арналған «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның салдары туралы түсіндіру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, бір-біріне құрметпен қарауға, өз құқықтарын қорғауға және көмек сұрай білуге үйрету.
Іс-шара барысында:
буллинг ұғымына түсінік берілді;
өмірлік жағдаяттар талқыланды;
оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді;
достық, сыйластық, қауіпсіз орта құндылықтары насихатталды.
Сынып сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні жоғары болды. Мұндай іс-шаралар мектепте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
#ЗаңжәнеТәртіп
#БуллингтенҚорған
#ТәрбиеСағаты
#ҚауіпсізМектеп
#РҚошқарбаевАтындағыОМ