Материалы за 01.12.2025 » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72834)26-4-14
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Вакансия жәрмеңкесі
01
December
2025
Вакансия жәрмеңкесі
Талдықорған қаласында өткен вакансия жәрмеңкесінің мақсаты – педагог мамандарын тарту, жас кадрларға қолдау көрсету және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Біздің мектеп – Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектептің директоры Арпабаева Шолпан Сындетбайқызы іс-шараға қатысып, өз пікірінде: «Бұл жәрмеңке педагог кадрларын қолдау мен дамытуға бағытталған маңызды алаң. Осындай кездесулер білім сапасын арттыруға үлкен ықпал етеді», – деп атап өтті. @zhetysu_bilim
«Qarzhy Sagshysy» ойынына қатысты
01
December
2025
«Qarzhy Sagshysy» ойынына қатысты
«Qarzhy Sagshysy» ойынына қатысты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг Агенттігімен бірлесіп 2025 жылғы 1 желтоқсан күні ұйымдастырылған «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынына Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру (қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
01
December
2025
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында Ескелді ауылдық округ дәрігері Кусаинова Сандуғаш Айдаровнамен кездесу өтті. Schoolchildren АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдары, қауіпсіз өмір салты және өз денсаулығын қорғаудың маңыздылығы жайлы ақпарат берілді. Іс-шара жастардың сауатты әрі жауапты болуына ықпал етті. #СПИДкеҚарсы #СалауаттыӨмір #ӨміргеСалауаттыҚадам @zhetysu_bilim @zhetysu_centr @aibol_kassenov
«Бірге күресейік – болашағымыз үшін»
01
December
2025
«Бірге күресейік – болашағымыз үшін»
1 желтоқсан – СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күніне орай Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің 1–11 сынып оқушылары арасында «Бірге күресейік – болашағымыз үшін» атты сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген түсінігін қалыптастыру, аурудың алдын алу шараларын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын арттыру. Сынып сағаттары барысында: АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы ақпарат