«ОТБАСЫ- БАҚЫТТЫ ҒАЛАМШАР» тақырыбында аудандық жетекші мектеп
Балалар жылы аясында Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде ата- аналар клубы жұмысы аясында «ОТБАСЫ- БАҚЫТТЫ ҒАЛАМШАР» тақырыбында аудандық жетекші мектеп семинары өткізілді. МАҚСАТЫ: Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Отбасы құндылықтарын, бақытты отбасы қағидасын негізге ала отырып,, ата-анамен бала арасында жағымды қарым- қатынас жолдарын ұсыну. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ата –ана Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын түсінеді.