"Сәтті отбасының құпиялары"
Қаратал ауданы,Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Отбасы әлемі" жобасы аясында отбасы күніне , мектебіміздің психологы Сагимбаева Алма Еламановна "Сәтті отбасының құпиялары" тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында тренинг сабағын өткізді. Мақсаты: Заманауи отбасында отбасылық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру.