«Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойы » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойы
14
май
2024

«Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойы

Азат елміз десең енді кім сенер,
Жалтақтаумен басшың әлі жүрсе егер.
Саябақтың сәні кетіп қаларма ед,
Рақымжан Қошқарбаев тұрса егер - деп, бүгін Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде, Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің ұжымы, Ескелді ауылдық кітапханасы және мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Жеңіс туын желбіреткен жауынгер - Рақымжан Қошқарбаев» атты еске алу кеші өтті. Шараға Қаратал ауданы ішкі саясат, мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Акиремова, Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашылары: Б.Қалиева, А.Маженова, А.Тілеубердіқызы, Қаражиде ауылдық кітапханасының кітапханашысы З.Амреева, Жанаталап ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Бибатырова, және Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің директоры Ш.Шарикбаева, Ескелді ауылдық округінің бас маманы А,Билалқызы қатысты. Кешті кітапханашы М.Атибекова ашып, жауынгер батырымыз туралы баяндама оқып, Ж.Смагулова мен А.Оразаева Р.Қошқарбаевтың өмірбаянымен, ерең ерлігімен, қайсарлығы туралы айтып өтті. Шара барысында оқушылар «Рақымжан Қошқарбаев», «Рахаңа», «Соғыс»десе..., «Жеңіс», «Солдат болам мен ертең», «Ел батасын ерте алған, ер едің», «Асылдықта Рахаңнан кім асыпты» атты өлеңдерін жатқа оқып, «Қазақ» биі, «Тополя» әні орындалды. Келесі кезекте сұрақ-жауап кезеңі барысында оқушыларға қойылған сұрақтарға олар дұрыс жауап берді. Осы шараға арналған «Рейхстагқа ту тіккен, қазақ» атты тақырыпта слайд көрсетіліп, «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапханашы библиографиялық шолу жасап өтті. Көрмеге 15 кітап қойылып, қолға 5 кітап берілді. Қатысқандар саны – 36 адам.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив