«Виртуалды онлайн-тақтаның мүмкіндіктері (әр түрлі онлайн-қызметтер мысалында) және сабақтарда қолдану» тақырындағы семинары » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Виртуалды онлайн-тақтаның мүмкіндіктері (әр түрлі онлайн-қызметтер мысалында) және сабақтарда қолдану» тақырындағы семинары
07
декабрь
2020

«Виртуалды онлайн-тақтаның мүмкіндіктері (әр түрлі онлайн-қызметтер мысалында) және сабақтарда қолдану» тақырындағы семинары

Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің және серіктес мектептерінің мұғалімдіре өз тәжірибесінде интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістерін қолдануға бағыттау м ақсатында 2020 жылғы 27 қараша күні «Виртуалды онлайн-тақтаның мүмкіндіктері (әр түрлі онлайн-қызметтер мысалында) және сабақтарында қолдану (интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістері).» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға мектеп үйлестірушілері, серіктес мектептердің педагогикалық қауымдастық жетекшілері, деңгейлік курс бітірген мұғалімдер, ӘБ мүшелері (ЖМЦ, ҚГЦ, БМЦ) белсене қатысты.
Семинар нәтижесінде мұғалімдер интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістері туралы білімдерін толықтырады, оқыту үрдісінде интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістерін қолданып, іс- тәжірибе алмасты.
Математика пәнінің мұғалімі Скирда Т.И. 10 «б» сынып оқушыларымен алгебрадан «Построение графиков тригонометрических функций с помощью преобразований» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ибраева И.Б. 8 қазақ сынып оқушыларымен "Stative verbs, Clothing and shoes" тақырыбында, ашық сабақтарын өткізіп, видео материалдар, деңгейлік тапсырмалар, электронды кітаптағы шығарманы тыңдатып және оқып, Google Форм бағдарламасын қолданып онлайн- тест өткізіп сабақтарға қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге білімдері мен қашықтықтан бірлесіп жұмыс жасаудың жолдарын көрсете білді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жарманова А.С. 10 сынып оқушыларымен "Абайдың он жетінші қарасөзі. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселермен байланыстыру." Тақырыбында өткізген сабақтанмектептерінің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының білім беру платформаларын және виртуалды тақтаны қолдануды үйреніп, сабақта пайдалану дағдылары өткізілген сабақтардан дамып келетіні байқалады.
Лермонтов атындағы ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шин М.Ю. "О спорт, ты- мир! Знаки препинания при обособленных обстоятельствах" тақырыбында магниттік мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларын қатыстырып ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер өз сабақтарында қажетті белсенді әдістерді тиімді қолданып қызықты және қажетті ақпарат берді.
Информатика пәнінің мұғалімі Скирда Т.И. серіктес мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Виртуалды онлайн-тақтаның мүмкіндіктері (әр түрлі онлайн-қызметтер мысалында) және сабақтарында қолдану (интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістері)" тақырыбында практикалық сабақ өткізіп, мұғалімдердің алғысын алды.
Әр сабақта 21-33 қатысушыға дейін конференцияға кіріп қатысты. Ұйымдастырылып отырған сенинар жұмысы қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдер арасында көптеген қажетті әдіс-тәсілдермен бөлісуге ықпал етуде.
Семинар жұмысын қорытындылай келе мұғалімдерге «ПМИ» әдісімен рефлексия өткізілді. Мұғалімдер өз ойларын жазып, сәтті жақтары мен туындаған қауіптерді атап пікір алмасты.
Қашықтықтан сабақ өткізудегі сәтті жақтары:
-оқушылардың техникаға деген оң қызығушылығын тудырады
-логиканы, ойлауды, есте сақтауды, шығармашылық қабілеттерін дамытады
- мұғалімдер мен оқушылардың АҚТ сауаттылығы көтеріледі.
- мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы артады.
Қашықтықтан сабақ өткізуде туындаған қауіптері:
- оқушылардың физикалық дамуына теріс әсер етеді
- оқушыны берілген бағдарлама қарқынында әрекет етуге міндеттейді
- жүйке сезімін арттырады, физикалық белсенділіктің дамуына ықпал етеді.
- мұғалімнің сабақты дайындауына көп уақытты қажет етеді


















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив