27
январь
2022
"XXI ғасырдағы ұлттық сана - ТЕРРОРИЗМГЕ, ЭКСТРЕМИЗМГЕ жол бермеу"
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сынып жетекшілер семинары өткізілуде. 4Б- сынып жетекшісі М.Молдыбаева, 6Б - сынып жетекшісі Т.Скирда және 10А- сынып жетекшісі Қ.Құмарбекқызы "XXI ғасырдағы ұлттық сана - ТЕРРОРИЗМГЕ, ЭКСТРЕМИЗМГЕ жол бермеу" тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.