18
октябрь
2021
«Оқушылардың дивергенттік ойлауына жоғары деңгейлі сұрақтардың әсері»
Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінде «Оқушылардың дивергенттік ойлауына жоғары деңгейлі сұрақтардың әсері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтуде. Аталмыш онкүндік аясында 18 қазан күні 4 «А» сынып жетекшісі Исабаева Назым Абылхановна қазақ тілі пәнінен «Жай сөйлем және құрмалас сөйлем» тақырыбында, 19 қазан күні 3 «А» сынып жетекшісі Тулебаева Карлыгаш Куздеубаевна математика пәнінен көбейту және бөлу бөлімі бойынша «Өткенді бекіту» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Исабаева Н.А. өз сабақтарында оқушының ой-өрісінің ұшқыр болуына көмектесу мақсатында мысалы: «Әңгіме құрастыр» әдісі арқылы, сөздік қорын дамытып, дивергентті ойлана отырып, проблемадан шығудың түрлі жолдарын қарастырды.
«Детальдарын қосу» әдісі арқылы оқушылар жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасап үйренді.
Тулебаева К.К. өз сабағында шамалар арасындағы қатынасты және көбейту мен бөлу кестесін есептер шығаруға арналған әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды.
Ұстаздар оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, дарынды оқушының пәнді терең түсіп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі еңбектенуде.