09
декабрь
2020
Əл-Фарабидің 1150-жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық Ғылыми жобалар байқауы
10 сынып оқушысы Ким Арина Əл-Фарабидің 1150-жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық Ғылыми жобалар байқауына қатысып информатика пəні бойынша облыстық іріктеу турынан өтіп, Республикалық байқаудан 3-орынды иеленді. Бұл жетістік мектеп оқушылары үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Дарынды оқушымыз Ким Аринаны Республикалық көрсеткішімен құттықтап, сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап , өсірген ата - анасының үмітін ақтап, жүзден жүйрік болғанына қуаныштымыз. Мектебіміздің оқушылары , алдағы уақытта да білім бәсекесіне қатысып тек жақсы жетістіктерімен қуанта берсін. Әрдайым, шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіреміз!
Жетекшісі:Серубай А.Қ., информатика пәнінің мұғалімі.
Жетекшісі:Серубай А.Қ., информатика пәнінің мұғалімі.