14
февраль
2022
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет"
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мақсатында, сондай-ақ ел Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялауына орай, Үштөбе қаласы сервистік әкімдігінің және Қаратал ауданы әкімдігінің ғимараттарына Қаратал ауданының жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін экскурсия өткізілді. Биылғы оқу жылының түлектеріне қала әкімінің аппараты, халықты жұмыспен қамту орталығы, статистика басқармасы, құрылыс және сәулет бөлімі, білім бөлімі, ТКШ бөлімі, аудандық мәслихат және т.б. мемлекеттік мекемелердің басшылары өз қызметтері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Экскурсиядан кейін аудан әкімі Е.Исабеков оқушылармен бейресми кездесуі өткізді, кездесу барысында балаларды қорғау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды және балалардың сұрақтарына жауап бере отырып, оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп түлектеріне тілегін білдірді, бұған қоса балаларды жеке қабылдауына келуге немесе әлеуметтік желі парақшалары арқылы кез келген сұрақтармен жүгінуге шақырды. Бұл іс-шара біздің балаларымыз ерте жастан мемлекеттік органдардың қызметі туралы білуге және көрнекі түсінікке ие болуға бағытталған. Өйткені, дәл осы өсіп келе жатқан жастар біздің еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің іргетасын қалайтын болады.@zhetysu_bilim @aizhan.adambekova @aina.mukanovna @meruertabdykalieva @qaratal.akimat
https://www.instagram.com/p/CZ80rvQruAE/...
https://www.instagram.com/p/CZ80rvQruAE/...