10
февраль
2022
"Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын-алу"
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні "Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын-алу" атты тақырыпта Қаратал ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы Мұхан Перизат Алматқызы және Қаратал ауданының имамы Бердібек Нұқтарұлы Ескелді ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Степанова Әйгерім Нұратайқызымен бірлесе Р.Қошқарбаев орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу, оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу, сонымен қатар, ислам діні туралы, имандылық туралы түсінік беру, ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.