10
декабрь
2021
«Оқы өкінбейсің…!» бейнероликтер байқауы
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болу керек.
Оқырмандарды көркем шығармалар оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханамен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру мақсатында Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Оқы өкінбейсің…!» бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің оқыған шығармаларын көпшілікке насихаттап, кітап оқуға шақырды. Байқау нәтижесінде 5б сынып оқушысы Шамаев Амир үздік атанды.
Оқырмандарға айтарымыз өркениеті дамыған, білім, ғылым, мәдениеті басты орын алатын елімізде кітап оқуға, білімге деген қызығыушылықтарыңыз арта берсін.
Видео