09
февраль
2021
Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350 жылдығы
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде 1671 – 1761ж.ж аралығында өмір сүрген би, батыр, Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының күшік тармағынан шыққан, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан - на арналған тарих пәнінің мұғалімі Қ.Құмарбекқызының және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Шешенханованың ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: Жолбарыс Жылқайдарұлының өмірі, жасаған ерлігі туралы мағлұмат беру; Елін,жерін қорғайтын азамат тәрбиелеу; жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Танымдық сабақ барысында қасиетті Қаратал өңіріндегі әулие-билер туралы мағлұматтар беріліп, Жолбарыс Жылқайдарұлы туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді.











