Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерей тойы » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерей тойы
12
октябрь
2022

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерей тойы

Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен өткізілген әдеби вернисаж қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерей тойына арналды.
Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Әдеби вернисаж: ашылу салтанаты, «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» Мұхтардың ғұмырнамасы, - Әдеби монтаж - Абай өлеңдері, естелік бейнежазба бөлімдері арқылы ұйымдастырылды.
М.Әуезовтің бай әдеби-ғылыми мұрасы, қаламгерлік қарымы, ой-арманы мен мақсат-мұратының биік мүдделері баршаға мәлім. Жас ұрпақ үшін жазушы, драматург, әдебиетші ғалымының өлмес туындылары ұлы суреткердің жеке басының зиялылығының, асқақ азаматтығының, қаламгердің шығармашылық қызметте де шексіз адал болуының жарқын өнегесі болып қала береді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив