27
апрель
2022
«Тілдік пәндер сабақтарында жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы оқушыларға көркем шығарма мазмұнын игерту» тақырыбында ұйымдастырылған көктемгі қорыты
Р. Қошқарбаев атындағы ресурстық орталығының магниттік мектептері арасындағы «Тілдік пәндер сабақтарында жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы оқушыларға көркем шығарма мазмұнын игерту» тақырыбында ұйымдастырылған көктемгі қорытынды сессия шеңберінде педагог- психолог Асанова Айман Максимовна мұғалімдерге арналған "Қалай ақылдырақ болуға болады?" атты психологиялық тренинг өткізді. Тренингте Айман Максимовна адамның миын дамытуға мүмкіндік беретін түрлі жаттығулар мен ақылды болудың 8 әдісін ұсынды. Сонымен қатар, мұғалімдерге сандармен жаттығуларды міндетті түрде жасау керектігін айтып практикалық түрде көрсетіп, жаттығулар сілтемелерін ұсынды. Іс- шараға барлық магниттік мектептерден 20 мұғалім қатыстып, ойларымен бөлісіп, жақсы тілектерін білдірді.




