15
март
2022
«Пән бойынша оқушылардың мотивациясын арттыруда оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы»
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің жас мамандары ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Пән бойынша оқушылардың мотивациясын арттыруда оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы»тақырыбында практикалық шеберхана өткізілуде. Математика пәнінің мұғалімі Ермуханбетов Мадияр Маратұлы 11 қазақ сынып оқушыларымен алгебра сабағынан "Көрсеткіштік тенсіздіктер және олардың жүйелері" тақырыбында сабақ өткізіп, мұғалім математикалық сауаттылықты дамыту мақсатында қызықты логикалық, шығармашылық тапсырмалар ұсынып белсенділіктерін арттыра білді. Сонымен қатар оқушылар өздерін, бір- бірін тексеріп,бағалады. Сабақта өң бойы кері байланыс берілді. Сабақ әдістемелік тұрғыда дұрыс құрастырылған, қолданылған әдіс- тәсілдер, ұсынылған тапсырма, сұрақтар мақсатқа жетуде тиімді болды.



