Жаңа жылдағы техника қауіпсіздігі » Қошқарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)26-4-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдағы техника қауіпсіздігі
28
декабрь
2021

Жаңа жылдағы техника қауіпсіздігі

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында үлкендер мен балалар үшін мерекелік апта жағымды әсерге айналады. Жаңа жылдық аптада ауруханаларда зардап шегуші ересектер мен балалар толы болады, ал жедел жәрдем шақыруларының саны кем дегенде үш есеге артады.
Бұл жерде тұрмыстық өрттің басты себебі – үй шыршасы және сапасыз, қараусыз қалған жылыту құралдары. Осындай қарапайымда, жай түсінікті қауіпсіздік ережелерді сақтайтындардың санының аздығы қынжылтатын жағдай.
1. Шыршаны тек өнеркәсіптік өндірістің электр жылтыратқыштарымен безендіру керек.
2. Шырша бұтақтарын әшекейлеуде мақта мен шырақтарды қолданбау керек.
3. Үйден кетіп бара жатып, ажыратқыштан шырша гирляндаларының ашасын алып, гирляндалары қосылған шыршаны «тіпті бір минутқа да» қараусыз қалдырмаңыз
4. Үй-жайларда, бөлме ішінде бенгал оттарын жағуға, шартылдақтар мен балауыз шырақтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Есіңізде болсын, ашық от әрқашан қауіпті! Сондықтан отты пайдалану кезінде, атүсті қалай болса солай қарамаңыз!
Жаңа жылдық жағдайлардың тағы бір себебі пиротехникамен байланысты. Отшашу, ең керемет және әдемі көрініс. Бұл жерде от пен ауа – бірге түйісіп, «кішкентай ғажайыпқа» қол жеткізесің. Есіңде болсын от тілсіз жау екенін ұмытпау керек, сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.
1. Пиротехникалық бұйымдарды қалтада ұстауға болмайды.
2. Жаңа жылдық іс-шараларды әсіресе, білім беру орындарында өткізу кезінде пиротехникалық бұйымдарды әкелуге және пайдалануға болмайды.
3. Пиротехникалық бұйымдарды бөлшектеуге және оларды механикалық өңдеуге болмайды.
4. Пиротехникалық бұйымдарды жылыту құралдарынан алыста орналастырыңыз және пиротехникалық бұйымдарды ылғалдан сақтаңыз, себебі бұл олардың жұмысына әсер етуі мүмкін.
5. Пиротехниканы ата-аналардың қатысуымен ғана қолдануға болады.
Біздің мерекелерді ұйымдастырудағы жауапты көзқарасымыз – балалардың мерекелерден жарқын да жағымды нәрселерді күтіп алуына мүмкіндік береді.


Жаңа жылдағы техника қауіпсіздігі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив