06
январь
2026
🎖️ Әскери-патриоттық фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды

Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде қысқы демалыс кезінде 5–10 сынып оқушылары үшін әскери-патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ел тарихына, ерлік пен батырлыққа деген құрметті арттыру, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу.
Көрсетілім барысында оқушыларға «Патриоттар уақыты», «BURKIT», «Бауыржан Момышұлы», «Жас ұлан», «Жауқазын ғұмыр» атты патриоттық мазмұндағы фильмдер ұсынылды. Фильмдерден кейін оқушылармен пікір алмасу жүргізіліп, ерлік, елге қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілік туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
Іс-шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге және рухани құндылықтарды дәріптеуге оң ықпал етті